қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
27.10.2021

Жоғары экономика мектебімен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

 


 

Жақында Жоғары экономика мектебінің (Мәскеу, Ресей) өкілдерімен және Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарымен кездесу өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев, Жоғары экономика мектебінің білім беру институтының ғылыми жетекшісі Исаак Фрумин мен Психометрика және білім берудегі өлшемдер орталығының директоры Елена Карданова, ЭЖМ және Абай университетінің басқа да ғалымдары қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - ғылыми жобалардың іске асырылу барысын және бірлескен жұмыстың жаңа ортақ жоспарларын әзірлеуде одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылау.

 

Дархан Біләлов халықаралық ғылыми жобалардың маңыздылығын атап, бірлескен жұмыстың тиімділігін терең талдау жасау қажеттігін атап өтті. Университет басшысының айтуынша, ЭЖМ мен Абай университеті бірлескен жобаларын іске асыру келесі жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жаңа стратегиялық даму жоспарына сәйкес қарастырылатын болады.

 

Кездесу аясында университетті оқу үдерісін неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін қолдануға болатын цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылардың баяндамаларында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жоғары оқу орындарында оқыту жағдайлары, бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру және студенттер мен оқытушылардың әмбебап құзыреттілігі туралы мәселелер қарастырылды.

 

Қорытындылай келе, қатысушылар көтерілген барлық мәселелер бойынша пікір алмасып, мұндай кездесулердің қажеттілігі мен оның барлық тараптарға пайдасы туралы бірауыздан пікір білдірді.

 

 

27.10.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com