қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.10.2021

«Алматы мұражайларына саяхат» жобасы өз мәресіне жетті

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын.

 

Әсіресе, Елбасының сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол - ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», - дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының қолға алынатындығы туралы айтқан болатын.

 

Бүгінде мақаланың басты бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті артырып, төл тарихыңды тереңінен білуден басталады. Осы бағытта, алдымен өскелең ұрпақты тұратын өлкесінің тарихын, сан ғасырлық даму ерекшелігін, оның дәстүрлі құндылықтарын білуі лазым.

 

Осыған орай, 2021 жылды 12-28 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ институттарының студенттеріне арналған «Алматы мұражайларына саяхат» тақырыбында рухани-танымдық күндері болып өтті.

 

Іс-шараның мақсаты - шалғай аймақтардан, ауылдан, қаладан келген студенттерді Алматының бай тарихы, құнды мәдениеті мен асыл руханияты жинақталған материалдық құндылықтарымен таныстыру болды.

 

Қойынына сан ғасырлық тарихын жасырған әсем шаһардың тереңіне үңілу үшін, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жеті институтынан 350-ден астам студенттер «Алматы музейлеріне саяхат» рухани-танымдық күндерінде - қала мұражайларын аралап, оңтүстік Астананың әр кезеңдегі тарихы және мәдени құндылықтарымен танысып, керемет әсер алып қайтты.

 

Мәдениет басқармасы мен Алматы қаласының әкімдігіне, сондай-ақ мұражай басшылығына біздің барлық институттарымызға сабақтан тыс уақытта арнайы кесте бойынша және арнайы жеңілдіктермен тегін экскурсия жүргізуге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» орталығы