қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.10.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары Халықаралық конгреске қатысады

 

2021 жылдың 27 қазанында Алматыда «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тіл саясаты» Екінші Халықаралық конгресс өз жұмысын бастады.

 

Алматыға 150-ден астам педагогтар, ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері мен басқа да сарапшылар жиналды. Олар Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Грузия, Украина, Беларусь және басқа да көптеген елдердің өкілдері.

 

Пленарлық отырыс күні бойы жалғасты. Ғалымдардың өз мемлекеттерінің тіл саясаты, посткеңестік кеңістіктегі орыс тілінің тағдыры туралы 14 қызықты баяндамалары тыңдалды.

 

Пленарлық отырыстың қорытынды бөлімінде Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Манаткүл Мұсатаева баяндама жасады. Ол Қазақстандағы орыс тілі мен орыс тілі мұғалімі мамандығының қажеттілігі туралы айтып берді, бұл туралы педагог кадрлардың ұстаханасы - Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алушылардың үлкен контингенті куәландырады. Баяндама оптимистік болды және конгресс аудиториясы мақұлдады. Осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізу бойынша ЖОО мен кафедра тәжірибесімен бөлісу ұсынылды.

 

28 қазан күні конгресте орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева мен профессор Дамина Шайбакова баяндама жасады. С. Әбішеваның баяндамасы оқушылардың филологиялық білім берудегі цифрлық технологияларға және өзі авторы болып табылатын орыс әдебиеті бойынша электрондық оқулық жасау проблемаларына арналды. Д. Шайбақованың баяндамасында орыс тілінің плурицентрлік ретінде қызмет ету мәселелері қарастырылды.

 

Конгресте ғалымдардың кездесуі ТМД елдерінің ғылыми, білім беру және қоғамдық ұйымдары арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал ететін болады. Бұл беделді ғылыми форум инновациялық технологиялар мен оқытудың заманауи әдістемелерін тарату алаңына айналды.