қазақша · русский · english
   
«ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР» клубы / Клуб туралы

    «ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР» клубы 2016 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Психология және педагогика институты Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында 1 курс магистранттарының ерікті бастамасымен құрылған.
     Клуб мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, оның ішінде мүгедек балаларға олардың ата-аналарына және мүгедектерді қолдау қорларының қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға және жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету болып табылады.
КЛУБ МІНДЕТТЕРІ:
• Әлеуметтік тұрмысы төмен жайсыз отбасыларына, оралман отбасыларына гуманитарлық қолдау көрсету;
• Жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
• Ардагер қарт адамдарға және жалғыз басты қарттарға гуманитарлық-әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру.