Негізгі бет
Жаңалықтар
01.11.2021 Ішкі академиялық ұтқырлық аясында профессор-оқытушылар құрамының онлайн форматтағы дәрістері
Профессор Лора Нарикбаеваның дәрістік сабақтарына Музыкалық білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың теориялық сұрақтар мен авторлық тәсілдері ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларымен және студенттермен музыкалық сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін музыкалық-цифрлық бағдарламалар мен қосымшаларды практикалық игеру кірді.
Тыңдаушылар профессор Лора Нарикбаеваның онлайн-дәрістері мен практикалық сабақтары материалдарының құндылығын атап өтіп, академиялық ұтқырлық аясында Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінде осы курс бойынша күндізгі (офлайн) форматында сабақтар өткізуге шақырды.
|