«Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық идеяларының жаңашыл білім берудегі сабақтастығы» дөңгелек үстелі
2021 жылдың 4 қарашасында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы Кәсіби даярлау бөлімінің «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» 1 курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының жаңашыл білім берудегі сабақтастығы» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты - Ы.Алтынсариннің өзекті педагогикалық идеялары мен қазіргі білім беруде қолдану жолдарын талқылау, тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстел қатысушылары - Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.А., директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Дуйсенбаев А.К., «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» ББ жетекшісі Қыяқбаева Ұ.Қ.
Дөңгелек үстел спикерлері:
- Қостанай қаласының құрметті азаматы, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, «Алтынсарин әлемі» кітабының авторы Оспанұлы С.
- Алматы қаласы, 159 гимназия мұғалімі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Арын Е.О.
- Шымкент қаласы. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгі иегері Нурманова Ж.К.
- Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы (Step by step технологиясы негізіндегі) «Өрлеу» балабақшасының
Жоғары санатты аға тәрбиешісі Кокенова А.А.
- Абай атындағы ҚазҰПУ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығының 1-ші курс докторанты, «Өркениет» бөбекжай балабақша әдіскері Ауезова А.А.
Іс-шара барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына тарихи шолу жасалып және мектепке дейінгі ұйым, мектеп пен ЖОО арасындағы Ыбырайды дәріптеу сабақтастығы жайлы ой талқыланды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілген «Ыбырай апталығынан» үзінді бейнеролик көрсетілді.