қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.11.2021

Спорт -денсаулық кепілі

2021 жылдың 6 қарашасында «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында 1-3 курс ​ студенттерінің арасында​ волейболдан спартакиада өтті. Шараның мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын нығайту, дене шынықтыру мен спортқа деген құштарлығын арттыру.​ Жарыс нәтижесі бойынша төмендегі топтар сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

1-ші​ курс - «Сұңқарлар»;

1ші​ курс -​ «Динамо» - 3 орын;

1-ші​ курс -​ «Абай» - 2 орын;

1-ші​ курс - «Спартак»;

2-ші​ курс -​ «USHQYN-ALAKOL» - 1 орын;

3-ші​ курс -​ «Патриоты НВП».

Одан бөлек, белсенді студенттер әр түрлі номинациялармен марапатталды:

«Үздік ойыншы» - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық,​ дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-ші курс қазақ бөлімінің студенті Адилханов Дамир.

 

«Үздік тосқауылшы» - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-ші курс қазақ бөлімінің студенті Тохтасынов Диас.

 

«Үздік байланыстырушы»​ - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық,​ дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-ші курс қазақ бөлімінің студенті Исағұл Дарын.

 

«Үздік байланыстырушы»​ - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт»​ мамандығының 1-ші курс қазақ бөлімінің студенті Бейсенбай Ердос.

Студенттерімізді марапаттармен құттықтаймыз!