қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ филологтары - DAAD халықаралық жобасының қатысушылары


2021 жылғы 8 қарашада DAAD «Педагогикалық кәсібилік және интернационалдандыру - посткеңестік исламдық білім беру үдерісімен диалог» тақырыбындағы халықаралық жобасына қатысатын Абай атындағы ҚазҰПУ (Қазақстан), ӘМПУ (Әзірбайжан) және ФАУ (Германия) университеттер делегациялары өкілдерінің кезекті және қорытынды онлайн-сессиясы өтті.

 

Жоба 2021 жылдың сәуір айында басталды. Оның мақсаты қатысушы елдердің заманауи білім беру үрдісі жағдайында педагогикалық тәжірибені зерттеу және өзара алмасу, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, олардың артықшылықтары мен перспективаларын талқылау болып табылады.

 

Халықаралық жобаға Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ақмарал Умарова және «6D011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс докторанты Мадина Молдағали қатысуда.

 

Жоба бағдарламасының соңында қорытынды конференция жоспарлануда.