қазақша · русский · english
   

Практикалық тілдер кафедрасының тарихы

 

Практикалық тілдер кафедрасы филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедраның базасында 1қыркүйекте 2017 жылы құрылды.
Кафедра ашылуының алғашқы күннен бастап ҚР білім беру ісінің үздігі, МАНПО және ҚР МАИ академигі, Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісінің, ҚазМемҚызПУ (2014) дамытуға қосқан үлес үшін «Құрмет белгісі» медалі иегері, «ЖОО Үздік оқытушысы" (2015) мемлекеттік грант иегері педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шаханова Розалинда Әшірбайқызы басқарады.
Бұрын практикалық тілдер кафедрасы мемлекеттік тілі (пратикалық қазақ тілі) және практикалық орыс тілі кафедраларының бірігуі арқылы 1 қыркүйекте 2012 жылы құрылды.
Практикалық қазақ тілі кафедрасы 1989 жылы құрылған. Осы жылдан бастап «Қазақ тілі» пәні ЖОО-ның оқу жоспарына енгізіліп және барлық орыс бөліміндегі тілдік емес және гуманитарлық факультеттерді қазақ тіліне оқытты. Тіл туралы заңына байланысты орыс аудиториясында қазақ тілінің мемлекеттік тілі ретінде мәртебесі одан да өсті. 2005 жылы практикалық қазақ тілі кафедрасы мемлекеттік тілі кафедрасы деп деп аталды. Алғашқы кафедра меңгерушісі проф. К. А. Айтазин болған. Содан кейін кафедраны проф. Б. Ш. Шалабаев, проф. Б. Қасым басқарды.
Практикалық орыс тілі кафедрасы 1976 жылы құрылды, ол барлық қазақ бөліміндегі тілдік емес және гуманитарлық факультеттерге қызмет көрсетті. Кафедраның алғашқы меңгерушісі доцент К. Ш. Губашева болған. 1987 жылдан бастап1998 жылға дейін кафедраны профессор Р. А. Қыдырбаева басқарды.
2000 жылы екі кафедраның - практикалық орыс тілі және орыс тілі мен әдебиеті әдістемесін оқыту - қосылуына байланысты бұл кафедра орыс тілі мен әдебиеті пәнінің теориясы мен практикасын оқытуы деп өзгертілді. 2000 жылдан 2009 жылға дейін осы кафедра филология факультетінде және оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі орыс тілі) -13.00.02 -базалық мамандығы бойынша жетекші болған. 1998 жылдан бастап 2005 жылға дейін кафедрада педагогика ғылымдарының докторы, профессор У. А. Жанпеисова басшылығымен аспирантура жұмыс істеді және оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы ойдағыдай жүргізілді.
2005 жылдан 2012 жылға дейін кафедраны Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының корреспондент-мүшесі (2006), «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері (2007), «ҚР білім саласының Құрметті қызметкері» белгісінің иегері (2009), ҚР жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі (2009) педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г. А. Қажиғалиева басқарды. 2009 жылдан бастап кафедра қайтып - университеттегі тілдік емес және гуманитарлық факультеттерінде орыс тілін оқыту - өзінің бұрынғы атауы мен мәртебесіне қайтып оралды.
2012-2015 жылдары практикалық тілдер кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г. П. Шахарман меңгерді. Ол ғылыми жобалары, оқу құралдары,
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі мен барлық мамандықтар бойы орыс тілді аудиторияларға екі типтік бағдарламаларының авторы. 2014 жылы белгісімен атап өтілді «ҚР білім беру Құрметті қызметкері» белісімен атап өтілді, сондай-ақ «Білім берудегі үздіктер» энциклопедия Редакциясынан жоғары кәсіби шеберлігі мен ҚР игілігіне жанқиярлық еңбегі үшін халықаралық дипломмен марапатталды.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін практикалық тілдер кафедрасы қайта құрылды, оның нәтижесінде қазақ және орыс тілдерінің оқытушылары, қазақ тілі мен әдебиетінің әдіскерлері филология пәндерін оқытудың бірыңғай әдістемелік бөліміне біріктірілді. Оны белгілі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Розалинда Әшірбаевна Шаханова басқарды