қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.12.2016

 

2016 жылдың 15-17 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы Қытай Халық Республикасындағы Санья университетінде іссапарда болып қайтты. 16 желтоқсанда оқу ісі жөніндегі проректор А.Т. Құлсариева бастаған Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы мен  Санья университетінің президенті Лу Дан мен вице-президент Зоя Че, халықаралық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі кеңесші Yu Xuzhong, институт директорлары қатынасқан кездесу барысында қос университеттің қазіргі даму жағдайларына шолу жасалып, ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. 2005 жылы негізі қаланған, қазіргі кезде 20 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алатын Санья университеті өте қысқа мерзім ішінде Қытайдағы көшбасшы университеттер қатарына қосылған, әсіресе туризм, қонақүй шаруашылығы, филология саласында мамандар дайындауда айрықша көзге түседі. Осыған орай, келіссөздер барысында туризм саласында мамандар даярлауда тәжірибе алмасу, қосдипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру  мәселесі талқыланды. Кездесу соңында тараптар білім беру және ғылыми-зерттеу салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойып, болашақта Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы білім беру, ғылыми-зерттеу, мәдени байланыстарды үйлестіру мен нығайту мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Жібек жолы орталығын құру идеясын талқылады.