Негізгі бет
Жаңалықтар
11.10.2011 07. 09.2011 -14.09.2011 аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Венгрия Республикасы Лакителек халық институтының өкілдері келді. Делегацияның басты мақсаты: Венгр-қазақ екі жақты қарым-қатынас және жалпы екі халықтың тарихи тамыры, Иштван Қоңыр Мандокидің Қазақстандағы қызметі мен еңбектектерімен және қазақ халқының қаладағы, ауылдағы күнделікті өмірімен танысу. Оңғайша Мандоки, Доктор Юдид Кишфалуди-Бак, Ласло Лашин Вад, Рита Бадя делегацияны бастап келген өкілдер. 25 адам бастаған Венгрия Республикасынан келеген делегация Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық қатынастар басқармасы дайындаған бағдарлама бойынша Тараз, Шымкент, Түркестан қалаларындағы (Айша бибі, Қарахан баба, Арыстан баб, Қажа Ахмет Яссауй) кесенелері және XII-XIV Сауран, Отырар, Ордабасы көне ғасырдағы қалаларын аралап, тарихи, ұлттық, этнографиялық мұражайларда болды. Сонымен қатар қаламен ауыл халқының күнделікті тұрмыс тіршілігімен танысты.
|