Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Байқау кеңесінің құрылуының басты мақсаты - 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының аясында университет дамуының және өмірлік белсенділігінің негізгі мәселелерін үйлестіру.
«Абай атындағы ҚазҰПУ» ШЖҚ РМК байқау кеңесінің міндеттері:
- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Стратегиясын және даму жоспарларын қалыптастыруға және оларды 2020 жылға дейін іске асыруға көмек көрсету; - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды және педагогикалық білімді мамандар даярлау орталығы ретінде жұмыс істеуіне және кешенді дамуына ықпал ету; - Қаржы ресурстарын, қаржылық есептілікті пайдалануды бақылау; - Абай атындағы ҚазҰПУ-дің білім беру саласындағы саясатының тиімділігі тұрғысынан талдау жасау; - Абай атындағы ҚазҰПУ -дің халықаралық білім беру, ғылыми, мәдени және халықаралық әлеуетін дамытуға көмек көрсету; - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін бюджеттен тыс қаражат пен басқа да қаржы ресурстарын тартуға көмек көрсету.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың байқау кеңесі келесідей өкілеттіктерге ие: 1. ЖОО-ның даму жоспары туралы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Министрлікке тұжырым береді; 2. Даму жоспарын іске асыру туралы есептің жобасын үйлестіреді, университеттің жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді; 3. демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету және университеттің иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін қоса алғанда, қосымша көздерден алынған қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды; 4. бюджеттік және басқа қосымша көздерден алынған қаражатты мақсатты пайдалануды бақылау үшін университет және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен еш кедергісіз танысады, сондай-ақ осындай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеру үшін Министрлікке ұсыныстар енгізеді;
5. Университеттің ректорын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу туралы Министрліктің ұсыныстарын келіседі; 6. Ұжымдық шарттың дамытуға қатысады және даму жоспарын бекітту қаражат шегінде қызметкерлерге,университет ректорына, проректорларға, бас бухгалтерге қосымша қаржы көздерінен жалақы, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдайды;
7. Университеттің негізгі бағыттары бойынша комитеттер құрады; 8. Бақылау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның қызметі мен жалақысын белгілейді, оның қызметін бұрын тоқтатады; 9. Университеттің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Министрлікке ұсыныстар береді; 10. Университеттің басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды; 11. Университеттің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы Министрлікке ұсыныстар береді; 12. Министрлікке университеттің филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
|