қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.11.2021

«Келешекке бастар жол» тренинг-семинары

 

2021 жылдың 18 қарашасында Алматы облысы, Қаскелен қаласының Қаскелен гуманитарлық-техникалық колледжінде «Келешекке бастар жол» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Семинарға қатысушылар Каскелен гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші топ студенттері мен колледж ұстаздары. Семинарды жүргізуші Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлім жетекшісі Бауыржан Жанкушков.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.