қазақша · русский · english
   

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ  негізіндегі Жоба кеңсесі

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  хаты негізінде, ректордың бұйрығымен 2017 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  негізінде Жоба кеңсесі құрылды.

 

Жоба кеңсесінің жетекшісі:
- жобаның сапасы мен маңызды нәтижелеріне жауапты болады;
- жобаға қажетті ресурстарды қамтамасыз  етеді (адами, қаржылық, ұйымдастырушылық және техникалық);
- қызметкерлерді іріктеу мен ынталандыруға қатысады;
- Аймақтық жоба кеңсесінің бас менеджерімен жобаның негізгі параметрлерінің  өзгерістері туралы келіссөздер жүргізіеді, қажет болған жағдайда, ішкі бағдарламаның бас менеджерімен (мерзімдері, бюджет, ресурстар, нәтижелерге қатысты талаптар) келіссөздер жүргізеді;

- жобаның менеджері деңгейінде шешілмейтін күрделі мәселелерді шешеді;
- жобаны іске асыруға көмектеседі;
- Университет имиджінің жоғарлауына ықпал етеді;
- өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастырады, келісімшарттарға қол қояды, оларды жүзеге асырылуын қадағалайды.

 

Жоба кеңсесінің менеджері:
- ресурстарды басқарады және белгілі бір уақыт ішінде жобаның барлық алға қойған міндеттерінің толықтықтай орындалуына жауапты болады;
- жобаның командасын қалыптастырады, жобаны табысты іске асыру үшін жобаға қатысушыларды біріктіреді және ынталандырады, өзара құрмет пен сенімділік атмосферасын жасайды, тиімді өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

- жобаны басқару жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;
- қажет болған жағдайда кез-келген мемлекеттік органға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға жобалық тапсырмасымен өтініш жібереді;
- бекітілген үлгі және мерзім негізінде  жоба бойынша Жоба кеңсесіне есеп береді;

- іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысады;
- жобаны және іс-шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.

 

Жоба кеңсесінің үйлестірушісі:
- жобаның және іс-шаралардың орындалуына қолдау көрсетеді;
- іс-шаралардың жүзеге асыру жұмыстарына қатысады;
- жобаның және іс-шаралардың практикалық іске асырылуы үшін жағдайлар жасайды;
- жоба мен іс-шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.

 

Жоба кеңсесі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимаратында Достық даңғылы, 13 мекен-жайында орналасқан.
Байланыс телефондары:
8 (727) 291-77-32 - проректор, жоба кеңсесінің жетекшісі;
8 (727) 291-91-82 - жоба кеңсесінің менеджері және үйлестірушісі.