қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.11.2021

Студенттерге арналған «Өркениеттер әлемі» экскурсиясы

 

2021 жылдың 20 қарашасында «Рухани жаңғыру» орталығы және Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ институттарының студенттеріне «Өркениеттер әлемі» атты Боралдай сақ қорғандары археологиялық кешеніне танымдық экскурсиясы өтті.


Ашық аспан астындағы археологиялық алаңына саяхат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстанның Киелі географиясы» жобасының аясында Алматы қаласы Әкімдігі Мәдениет басқармасы Алматы музейлері Бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылды.


Жастарға арналған танымдық экспедицияның мақсаты - өскелең ұрпақтың қасиетті орындарға рухани танымдары мен ағартушылық ізденістерін күшейтіп, мамандану қабілеттеріне бейімдеу, аймақтың тамыры терең тарихын насихаттауға арналды.


Боралдай Сақ қорғандары - Алматы қаласы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген мемлекетпен қорғалған 6 ескерткіштің бірі саналады. Қорымның ұзындығы 3 шақырым болса, ал ені 800 метрге дейінгі 400 гектар аумақты алып жатқан тарихи-мәдени орын болып табылады.


Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталған жалғыз ескерткіштің тереңіне үңілу үшін, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың институттарынан 50-ден астам студенттері - бұрынғы Сақ-үйсін тайпаларының өмірі жаңғыртылған «Боралдай сақ қорғандары» паркінде екі басты - ортасынан жарылған қорған мен ежелгі сақ тұрғын үйінің макеті нысандарын, және 47 сақ қорғаны, 200 астам үйсін обаларын, ұлан-ғайыр даланы мекен еткен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін бірегей тарихымен танысып, керемет әсер алып қайтты.