Негізгі бет
Жаңалықтар
22.11.2021 Студенттердің мен магистранттардың 76-ші ғылыми конференциясы
2021 жылдың 18-19 қарашасында Жаратылыстану және география институтының Химия білім беру тобында студенттер мен магистранттарға арналған 76-ші ғылыми конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - жас зерттеушілерді ғылыми зерттеулерге, жоғары білікті мамандарды даярлауға, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тарту болып табылады.
Химия ББ тобының профессор-оқытушылар құрамы: доцент Зульфия Унербаева, аға оқытушылар Айжан Сагимбаева, Меруерт Оразбаева, Тұрар Ақылбекова, Арайлым Утемисова комиссия құрамында болып, студенттер баяндамасын тыңдады.
«Химия, химияның теориясы мен әдістемесі» секциясында 23 баяндама тыңдалды. Жас зерттеушілер өздерінің ғылыми тақырыпқа деген құштарлығын және қазіргі химия ғылымының өзекті мәселелерін зерттеуге шығармашылықпен қарау қабілеттерін көрсетті және бірқатар ұсыныстар жасалды.
Секцияда республикалық студенттік ғылыми жұмыстар конкурсында Химия ББ тобынан ұсынылатын баяндамалар байқауының жеңімпаздары анықталды.
Конференция соңында қорытындылар шығарылып, жеңімпаздар дипломдар мен мақтау грамоталармен марапатталды.
|