қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.11.2021

«2021/2022 оқу жылының күзгі сессиясының емтихандарын тапсыру және бағалау нысаны»оnline вебинары

 

2021жылдың 19 қарашасында Жаратылыстану және география институты, Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі ұйымдастырған, «2021/2022 оқу жылының күзгі сессиясының емтихандарын тапсыру және бағалау нысаны (Microsoft Teams)» атты оnline вебинар өтті.


Мақсатты аудитория: ЖГИ-ның профессорлық-оқытушылар құрамы.


Онлайн семинарда сөз сөйлеген доцент Шолпан Карбаева оқу жылының күзгі сессиясының емтихандарын тапсыру және бағалаудың жалпы қандай түрлері, қалай болатындығы туралы жалпы мәліметтермен және ауызша емтихан алу ережесімен таныстырды. Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі доцент Қалампыр Жұмағұлова жазбаша практикалық емтихан алудың ерекшеліктерімен таныстырды. Келесі сөз алған аға оқытушы Жанар Қорғанбаева жазбаша практиклық емтихан талаптарымен, аға оқытушы Арманай Саванчиева жазбаша Оқулық жүйесінде емтихан алу мүмкіндіктерімен таныстырды.


Тестілеу орталығының бастығы, қауымдастырылған профессор Даража Исабаева вебинарға қатысушы профессор оқытушылардың емтихан алу, сұрақтарды енгізу, бағалауға қатысты әртүрлі сұрақтарына толық жауап берді. Семинар соңында қатысушыларға сөз кезегі берілді, бірнеше маңызды ұсыныстар айтылды. Онлайн семинарды Карбаева Шолпан қорытындылады.