Негізгі бет
Жаңалықтар
22.11.2021 Ғаламшар экологиясы: кеше, бүгін, ертең
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мейірім» клубының экологиялық бағыты бойынша 2021 жылғы 18 қарашада «Ғаламшар экологиясы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында экологиялық сағат өткізілді. Экологиялық сағат тақырыбының өзектілігі «Мейірім» клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласының мектептерінде жүзеге асырылған «Экологиялық клубтар» жобасының тәжірибелері негізінде ашылды.
Экологиялық сағатты қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гулбахираның жетекшілігімен 6В01801 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2 курс студенттері Қияқбай Назым, Изимгалиева Аружан, Сабитова Батима, Әділетхан Мейір жүргізді. Ерікті-студенттермен тренинг өткізу кестесін үйлестіру жұмысын «Экологиялық клубтар» Жобасына бұрын қатысқан 6В01801 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-курс студенттері Жақыпбай Балжан, Исагалиева Зарина, Мусанова Айгерім, Жезбаева Гулханым, Зияханова Аяулым, Тлеужан Алтынай ұйымдастырды.
Ғаламшар экологиясының кешегі, бүгінгі, ертеңгі жағдайы, экологиялық сағаттың теориялық және практикалық бөлігінде «Экологиялық клубтар» оқу бағдарламасының: 1) Су ресурстары. 2) Қоқыстарды кәделеу. 3) Биоәртүрлілік. 4) Экоіз тақырыптары қарастырылды.
Экологиялық сағаттың теориялық бөлігі бағдарламаға сәйкес: биоәртүрлілікті оқыту; табиғат ресурстарын қорғау әдісін оқыту; табиғатқа мейірімді қатынасты сезімін дамыту міндеттерін қамтыды.
Экологиялық сағаттың практикалық бөлігі арнайы құрылған «Сұрақ-жауап» жасыл шеңберінде ұйымдастырылды. Ерікті-студенттер «Экологиялық клубтар» жобасы бағдарламасын оқыту нұсқаулығында берілген практикалық тәжірибелермен, ойын, интербелсенді сабақ өткізу әдіснамасына ерекше көңіл бөлді. «Сұрақ-жауап» жасыл шеңберде үлестірмелі материалдармен шығармашылық тапсырмалар беріліп, су ресурстары, қоқыстарды кәделеу, биоәртүрлілік бойынша бақылау тәжірибелері көрсетілді. Табиғатты бақылайтын «Қар лақтыру» сұрақ-жауап әдісі арқылы, «Қоқысты бөлу», «Кім жылдам» ойын түрлері ұйымдастырылды. Жасыл шеңберде топтық және шығармашылық жұмыс өткізу студенттерге объективті тұжырымдар жасауға, жалпы ғаламшарға қиянат жасамаудың экологиялық аспектілерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Кері байланыс алу үшін Экоіз тестілеу әдісінде ғаламшар экологиясының кешегі, бүгінгі, ертеңгі климаттық өзгеру ахуалын және ластану деңгейіне салыстырмалы талдау мен кешенді қорытынды жасалынды.
Іс-шара соңында, экологиялық сағатты өткізу жоспарында анықталған түйінді мәселелер негізінде, мектептерде «Экологиялық клубтар» құру идеясы аясында студенттердің еріктілік іс-әрекетін белсендету қажеттілігі бойынша бірауыздан ұсыныстар қабылданды.
«Мейірім» еріктілер клубы |