А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтына
студенттерді таныстыру экскурсиясы
2021 жылғы 22 қарашасында А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында жаратылыстану және география институтының 6В05301-«Химия» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шараны институттың маркетинг бөлімінің қызметкері Гүлнұр Дүйсембаева өткізді.
Экскурсияның мақсаты - білім алушылар арасында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыру және ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықты дамыту.
А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының техникалық қауіпсіздік жөніндегі жауапты маманы Ерлан Джахметов студенттерді химиялық реактивтермен және басқа да заттармен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды.
Экскурсия барысында зертхана меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер Руслан Кондауров институт тарихымен таныстырды. «Полимерлердің синтезі және физикалық химиясы» зертханасының кіші ғылыми қызметкері Хуангул Химэрсэн спектрлік талдау қалай анықталатынын, полимерлерге зерттеу жүргізу тәсілдері туралы айтып берді. «Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар» зертханасының инженерлері Эльмира Ерғалиева мен Аяжан Құрманғалиева ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысын, синтез жасау тәсілдерін түсіндірді, жұқа қабатты хроматография, ИК-спектроскопия және басқа да құрал-жабдықтарды көрсетті.
Студенттер қызығушылық танытып, болашақта ғылыммен айналысуға ниет білдірді. Кездесу жоғары деңгейде өтті, студенттерге өте қызықты болды, олар институт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.