қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.11.2021

Еліміздің 10 облысынан келген мамандар Абай атындағы ҚазҰПУ-да біліктілікті арттыру курстарынан өтті

 

2021 жылдың 8-19 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, тәрбиешілері мен әдіскерлеріне «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық қызметің басқару» тақырыбында қашықтан оқыту режимінде қазақ және орыс тілдерінде 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Курста 10 облыстан 442 тыңдаушы, оның ішінде: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының 34 меңгерушісі, 49 әдіскер, 305 тәрбиеші, 34 пән мұғалімдері қатысты.

 

Аталған курстарды өткізу бастамасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың даму стратегиясы аясында Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңарту және қайта форматтау үрдісінен туындады. Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуға бағытталған.

 

Курс тыңдаушыларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бойынша жаңа нормативтік құжаттармен, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысуға; 4К (сыни ойлау, қарым қатынас, креативтілік, командамен жұмыс) моделін дамыту бойынша білім беру процесінің теориялық аспектілерін түсінуде қолдау алуға; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жаңа талаптарына сәйкес педагогикалық қызметті іске асыру бойынша құзыреттіліктерді жетілдіруге; білім беру қызметінің нәтижелеріне мониторинг жүргізуде жаңа тәсілдер мен әдістемелерді жетілдіруге; білім беру қызметін жоспарлау дағдыларын пысықтауға; мектепке дейінгі тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудегі мұғалімнің рөлін түсінуге мүмкіндік алды.

 

Курс жұмысына - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі үшін ең қолайлы заманауи педагогикалық технологиялар бойынша материалдар дайындаған Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика ғылымдарының магистрлері Сағыныш Ошакпаева мен Сауле Еркебаева және Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі аудандық білім бөлімі «Ақсай қ. №1 бөбекжайы» әдіскері Нугманова Самал Мураткановна - «Балабақша мен отбасының өзара әрекеттесуінің инновациялық формалары біріңғай білім беру кеңістігін құру шарты» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-анамен байланыс бағытында жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

 

2021 жылдың 23 қарашасында курстардың қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық істер жөніндегі проректоры - Мақтағали Бектемесов және Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры - Хайрулла Жанбековтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараның қонақтары Ы Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының меңгерушісі Бижан Игенбаева, орта білім беру институтының директоры Алия Чокушева, Қазақстан Республиксы Білім және ғылым министрлігі, Республикалық ерте жастағы балаларды дамыту институтының бөлім меңгерушісі Мария Ерманова қатысты.

 

Жоғары оқу орынының басшылары тыңдаушыларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен жұмыс бағыттары туралы хабардар етті, әдістемелік қолдаудың ұзақ мерзімді перспективаларына, кері байланыстың маңыздылығын түсінуге сендірді.

 

Әңгіме барысында мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары өз проблемаларымен бөлісті, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде әдістемелік қолдау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жолдарына қатысты бірқатар қызықты ұсыныстар жасады.

 

Самал Нұғманова («Ақсай қаласы. №1 бөбекжайы» әдіскері, Батыс Қазаұстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы) Халықаралық тәжірибелерінің негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұлттық дәстүрді енгізуді ұсынды; құжаттардағы өзгерістердің көптін атап өтті және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында кадр тапшылығы мен кадрлардың тұрақсыздығын атап өтті.

 

Бахтыгуль Смағұлова ("Ұлан" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жаңашылдыққа оң көзқараспен қарайтындығын атап өтіп, келешекте Абай атындағы ҚазҰПУ экперименттік алаңы болуға мемарандумға отыруға ұсыныс жасады.

 

Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларын кәсіби даярлау» бөлімінің оқытушысы Болат Аувакир Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА мен ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту» республикалық институтының мамандарына келешекте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы дайындалатын нормативтік құжаттар мен оқу-әдістемелік материалдарды дайындауда ынтымақтастықта жұмыс жасауға ұсыныс білдірді.

 

Курс тыңдаушылары біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б. және Белденбаева М.Т. өткізген курстардың өзектілігі мен жоғары деңгейін атап өтіп, жетекші педагогикалық университетімен тығыз байланыста болуға және университет тарапынан ұзақ мерзімді патронаждық әдістемелік қамтамасыз ету, педагогтар мен мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілері үшін курстар өткізу мүмкіндігі туралы ұсыныстарын білдірді.