қазақша · русский · english
   
Оқытудың ақпараттық жүйелері кафедрасы
 Сыдықов Бахыт Диқанбайұлы
доцент
Педагогика ғылымдарының докторы
Төле би көш.86, 5 оқу корпус, каб. 217
 +7(727)261-65-98
bdsydykhov@mail.ru;


Кафедра алғаш рет 1994 жылы "Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары" деген атпен «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасынан бөлініп шықты. 2000 жылы физика - математика факультетіндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасымен біріктірілді.

2005 жылы «Оқытудың ақпараттық жүйелері» деген атпен «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасынан қайта бөлініп шықты.

Кафедраны әр жылдары басқарған меңгерушілері:

1994-2000 оқу жылы ф-м.ғ.к., доцент Исаев Сапар Әуезбекұлы;

2005-2008 оқу жылы ф-м.ғ.д., профессор Искаков Казизат Такуадинович;

2008-2011 оқу жылы п.ғ.д., профессор Мусин Куламерген Сыздыкович;

2011 ж - п.ғ.д., доцент Сыдықов Бақыт Диханбайұлы.

Кафедрада әр жылдары академик Ш.С.Смағұлов, профессор Б.Қ.Нақысбеков, профессор Т.Қ.Қойшиев, доцент Ғ.Сырлыбаева, аға оқытушы С.Н.Абылғазина, профессор М.К.Орынханов, профессор Ә.Ш.Ақыш, доцент Т.Х.Хакимова, доцент Н.Н.Керімбаевтар қызмет етті.

Кафедра университеттің барлық мамандықтарына "информатика" пәнін оқытады. Сонымен қатар 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» және 5В060200-«Информатика» мамандығы бойынша болашақ мамандарды дайындайды.

«Оқытудың ақпараттық жүйелері» кафедрасының ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары: болашақ мамандарға информатикалық пәндерден кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі; білім беруді ақпараттандыру саласында фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.