қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.11.2021

Профессор Ж.Т.Дәулетбекованың 60 жылдық мерейтойына  орай «Әдістеме - шеберлер әлемі» дөңгелек үстелі


2021 жылдың 23 қарашасында ZOOM платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Латын» ғылыми-практикалық орталығының «Тілтұмар» бірлестігі  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанат  Дәулетбекованың 60 жылдық мерейтойы аясында  «Әдістеме - шеберлік әлемі» сұхбат  алаңын  онлайн форматта өткізді.  

 

Әдістаным алаңында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасының орынбасары - академиялық мәселелер жөніндегі проректор  Ә.М.Бектемесов, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ф.Ш.Оразбаева, Филология және көптілді білім беру институтының директоры А.В.Таңжарықова, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Н.Ә.Ильясова кіріспе сөз сөйледі. Кіріспе сөзден кейін  Дәулетбекова Жанат «Тілді оқыту әдістемесі: заманауи тенденциялар мен парадигмалар» тақырыбында дәріс оқыды. Шара барысын Алматы қаласы № 135 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.Мұхамеджанова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 магистранты М.Рүстемова, Алматы қаласы №95 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Қосынғали, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті  А.Жолдас  шеберлік сабақ үлгілерімен  жалғастырды.

 

Онлайн конференцияға мектеп мұғалімдері, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, ЖОО оқытушылары, магистранттар мен докторанттар, барлығы 100-ге жуық адам қатысып, сұрақтар қойылды, талқылау болды. Қатысушыларға сертификаттар берілді. Конференция жинағы шығады.