«Қазақстан Республикасында информатика мұғалімдерін дайындаудың қазіргі жағдайы және болашағы» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинары
2019 жылдың 25-26 сәуір күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы, Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасы бірігіп «Педагогикалық STEM-парк»базасында «Қазақстан Республикасында информатика мұғалімдерін дайындаудың қазіргі жағдайы және болашағы» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарды ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы, білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасы, педагогикалық STEM-парк.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, педагогикалық университеттердің, білім беру мекемелерінің өкілдері, сонымен қатар информатика пәнінің мұғалімдері және білім беруде АКТ қолдану саласындағы жаңашыл педагогтар, педагогикалық шеберлік орталығы мен BilimMediaGroup компаниясының қызметкерлері қатысады.
Семинарда: информатика және АКТ пәндерінің мазмұны, заманауи білім беруде информатика мұғалімдерін дайындау, сонымен қатар информатиканы оқытуда және болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мәселелері талқыланады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би к., 86, Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институты, Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы, 3-қабат, 322 ауд. 8(727) 272-30-73.
Ұйымдастырукомитеті:
Байланыс телефондары: 87773565031, 87472879777, 87071754132
e-mail: esen_bidaibekov@mail.ru, aiya_c@mail.ru, sh_shirin@mail.ru, informatika233@mail.ru
Басталуы: сағат 10.30
Семинар бағдарламасы