Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасы | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әкімшілік департаменті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін Абай атындағы ҚазҰПУ жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Әкімшілік департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын, Абай атындағы ҚазҰПУ Жарғысын, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2011-2020 жж. арналған Даму стратегиясын және ректордың бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады. Негізгі міндеттері: 2. Университеттің құқықтық, ақпараттық және құжаттамалық, құжат айналымы, кадрлық ресурстар және сапа кепілдігі бойынша жалпы стратегиясын әзірлеу.
Әкімшілік департаментінің негізгі функциялары: 2. Ішкі ережелерді олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін қарастыру. 3. Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін негізгі ішкі ережелерді әзірлеу. 4. Университеттің заңды мүдделерін сотта және басқа құқық қорғау органдарында қорғау, сот шешімдерінің орындалуын бақылау. 5. Кадр саясатының негізгі қағидаларын іске асыру, кадрлар құрылымы мен қажеттіліктерін анықтау, кадрлардың сапалық құрамы мен қозғалысын талдау, жағдайларды қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру жүйесін ұйымдастыру, кадрлар еңбегін функционалдық талдау және реттеу. 6. Университет қызметкерлерінің кәсіби және мансаптық өсуін қамтамасыз ететін еңбек және өндірістік тәртіптің деңгейін көтеру бойынша шаралар қабылдау; университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін әлеуметтік-құқықтық қорғаудың тиімді механизмін әзірлеу. 7. Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінен уақытылы келіп түскен ақпарат негізінде бұйрықтар, ректор бұйрықтары, бағдарламалар жобаларын, тұжырымдамалар мен болжамдар жобаларын дайындауға, осы құжаттарды әзірлеуге және сараптамаға қатысу. 8. Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің іс қағаздарын, құжаттарын сақтауды ұйымдастыру және басқару. 9. Ректордың тапсырмасы бойынша хаттамалық іс-шараларды, құжаттаманы жүзеге асыру, басқа іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру.
Әкімшілік департаменті жүзеге асырады: - кадр саясаты саласындағы бағдарламаны жоспарлау және іске асыру, кадрларды іріктеу, тестілеу, бағалау, тағайындау, жоғарылату, ауыстыру және университет мамандары мәртебесін өзгерту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ қызметкерлерге қажетті ақпаратты жеткізу; - кадрлық мәселелер бойынша маңызды шешімдер туралы ақпаратты университеттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне бұйрықтармен танысу және жеке байланыстар арқылы жіберу; - жұмысқа қабылданатын адамдармен сұхбат жүргізу, жұмысқа орналасуға өтінімдерді жіктеу; - бос жұмыс орындарына жаңа мамандар мен қызметкерлерді тарту, білікті мамандардың өтініштерін талдау, кадрларды іріктеудің мамандандырылған қызметтерімен байланысты қолдау; - қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды дайындау және халықты әлеуметтік қорғау органдарына ұсыну, осы мәселелер бойынша қызметкерлерге кеңес беруді; - Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кадр мәселелері бойынша, оның ішінде байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастықты.
|