Стратегия департаменті |
Стратегия департаментінң негізгі мақсаттары: - қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) ұйымдастыру, жоспарлау, сүйемелдеу, өзектендіру, - құрылымдық бөлімшелердің Қоғам деңгейінде тәуекелдерді басқару процесін іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру.
Негізгі міндеттер: 1) Қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу процесін үйлестіру, олардың орындалуына мониторинг пен талдауды жүзеге асыру; 2) университеттердің әлемдік рейтингтеріне Қоғамның қатысуы бойынша жұмыстарды үйлестіру; 3) қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, талдауға, мониторингке, бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың үздіксіз процесін үйлестіру.
Стратегия департаментінің функциялары: - қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу жөніндегі процесті ұйымдастыру; - стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегиялық мақсаттарды әзірлеу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау жөніндегі стратегиялық сессияларды, іс-шараларды өткізу); - қоғамды дамыту жөніндегі түйінді стратегиялық құжаттарды қалыптастыру; - қоғамды дамыту Стратегиясының (Бағдарламасының) және оны іске асыру жөніндегі жоспарлардың орындалуын мониторинг жолымен бақылау; - қоғамды дамыту Стратегиясын (Бағдарламасын) және оны іске асыру жөніндегі жоспарларды талдауды және өзектендіруді қамтамасыз ету; - қоғамды дамыту Стратегиясы (Бағдарламасы) бойынша құрылымдық бөлімшелерге консалтингтік қызметтер көрсету; - университеттердің әлемдік рейтингтеріне Қоғамды ілгерілету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; - қоғам деңгейінде тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша үйлестіруді, қажетті талдама және әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету; - ықтимал теріс фактілердің алдын алуға немесе қысқартуға бағытталған тәуекелдер менеджментін енгізу және жетілдіру.
|