қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.11.2021

Ақдениз университетінің Ph.D докторы Өнер, мәдениет және спорт институтына шақырылды


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ЖОО-на шетелдік ғалымдарды шақырту» бағдарламасы аясында Түркия елінің Ақдениз университетінің Бейнелеу өнері факультеті «Сән және текстиль» кафедрасының Ph.D докторы, доцент міндетін атқарушы Езиева Мариям Нехир «6В02118-Сән дизайны» мамандығының студенттеріне дизайн саласы «Use of new methods and technigues in the creation of new Glothing and Fashion collections» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақтар өткізу мен «Дизайн» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына (01.11.21-27.11.21 ж. аралығында) шеберлік сыныптар жүргізу мақсатында шақырылды.

 

Төрт апталық тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сыныптардың нәтижесі ретінде Езиева Мариям Нехирдің жетекшілігімен сонымен қатар, оның авторлық әдістері бойынша студенттер мен профессор-оқытушы құрамымен бірлесіп ұйымдастырылған «Дизайнның эволюциясы» шығармашылық көрменің салтанатты ашылуы 2021 жылдың 26 қараша күні атап өтілді. Сонымен қатар, «Жасампаз» галереясында Мариям Нехирдің «TASARIM İHTİŞAMI» жеке көрмесінің де ашылу салтанаты қатар өткізілді.