қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.12.2021

«Қазақстандағы президенттік билік: қалыптасуы мен эволюциясы» танымдық дәрісі

 

2021 жылдың 30 қарашасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы президенттік билік: қалыптасуы мен эволюциясы» тақырыбында онлайн форматта ашық дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті Орталық басшысы, профессор Гүлшат Нұрымбетова оқыды.

 

Дәріске университет білім алушыларымен қатар Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТ университетінің студенттері қатысты. Дәрісте мерекенің тарихи маңызы көрсетіліп, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан Республикасын дамытудағы тарихи миссиясы нақты деректермен ашылды.

 

   

 

   

 

«Ұлы дала тұлғалары» орталығы