қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.12.2021

Педагогикалық зерттеулер зертханасының қызметкерлері жақсы ғылыми нәтижелер көрсетті

 

2021 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша Педагогикалық зерттеулер зертханасы қызметкерлерінің жылдық есебі тыңдалды. Зерттеу жұмысы жөніндегі проректор, профессор Е.Ә. Бөрібаевтың басшылығымен Сараптау комиссиясы әрбір постдокторанттың презентациясымен танысты, әсіресе Scopus және WoS базаларындағы жарияланымдық белсенділігіне, сондай-ақ жоба жұмыстарына басты назар аударылды.

 

Есеп барысында зертхана қызметкерлері  жақсы ғылыми нәтижелер көрсетті: әр ғалым кем дегенде екі жобаға (халықаралық, министрлік немесе университет ішілік) қатысқан, жоғары рейтингті журналдарда бірнеше мақалалары жарияланған немесе баспаға (мақала жариялауға қабылданғандығы туралы анықтама) ұсынылған.