Негізгі бет
Жаңалықтар
03.12.2021 Ашық сессия - ортақ міндет
2021 жылдың 2 желтоқсанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 2 курс «6В02201 - Философия» мамандығының эдвайзері Гүлнара Рахимова өз тобына таза сессия өтудің маңыздылығы жөніндегі мәселелерді қамтитын танымдық-тәрбиелік эдвайзер сағатын өткізді.Танымдық-тәрбие сағатында студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерім деңгейлері мен тәртіптері қозғалды. Сессия талаптарын қатаң сақтай отырып санитарлық нормаларға сай белгіленген кесте бойынша жауапкершілікпен тапсыру маңыздылығына ерекше тоқталды.Эдвайзер сағатына топ студенттері түгел қатысып сұрақтарына тиесілі жауаптар алды.
|