қазақша · русский · english
   
Студенттік офис
 Исабаева Нұрсағиля Байкенқызы
Студенттік офис бастығы

Достық даңғылы,13
 +7(727)291-16-65
st_otdel@mail.ru

 

 

Студенттік бөлім Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу басқармасына қатысты, негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады. Студенттік бөлімнің құрамы студенттік бөлім бастығы және сегіз жоғары білікті мамандар - инспекторлардан тұрады.
Аталған бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері төмендегідей:

- барлық оқу түрлері бойынша қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын қабылдау бұйрықтарына сәйкес алу және тексеру;
- студенттер құрамы бойынша қайта қабылдау, мамандықтан мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу, басқа жоғары оқу орнынан ауысу, оқудан шығу бұйрықтарын тағайындау;
- студенттер қозғалысы бойынша бұйрықтарды электронды деректер базасына (Lotus Notes, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ААЖ, Platonus) енгізу;
- студенттер қозғалысы бойынша жасалған, сонымен бірге курстан курсқа көшу бұйрықтарының көшірмелерін студенттің жеке іс-құжатына тігу;
- бұйрықтардың көшірмелерін студенттік бухгалтерияға, тіркеу бөліміне, әскери есеп бөліміне, директораттар мен факультетке беру;
- мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт бойынша оқитын студенттер қозғалысына есеп жүргізу;
- күндізгі және сырттай бөлімдерде мемлекеттік грант және ақылы түрде оқитын студенттердің курс, мамандық және институттар мен факультет бойынша қозғалысына ай және тоқсан сайын есеп беру, жасалған ақпаратты қажетті бөлімдерге ( басшылыққа, қаржылық-жоспарлау бөліміне) беру;
- босаған білім беру гранттарының орнына ақылы негізде оқитын студенттерді ауыстыру үшін құжаттарын тағайындау;
- басқа жоғары оқу орнына ауысқан студенттердің іс-құжаттарын даярлау және жіберу;
- басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу;
- басқа жоғары оқу орнынан келген студенттердің құжаттарын қабылдау;
- ауысып келген студенттердің жеке карточкасын электронды деректер базасына енгізу;
- диплом толтыру алдында күндізгі және сырттай бөлімде оқитын түлектердің іс-құжаттарының толықтығына бақылау жасау;
- түлектерге дипломдар безендіріліп толтыру, диплом және академиялық анықтамалар дубликаттарын жасау;
- университетті бітіру және оқудан шығу кезінде студенттің жеке іс-құжатынан білім беру туралы құжатын алып беру, түлектің еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасын толтыру;
- студенттермен ағымдық жұмыс жасау;
- студенттермен олардың сұранысы бойынша жұмыс жасау;
- директораттар мен деканаттан берілген анықтамалардың растығын тексеру;
- кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР білім және ғылым министрлігі, оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар, басқа кәсіпорындардан) жұмыс жасау;
- бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары, сабаққа қатысу журналдары) сұраныс даярлау және институттар мен факультетке беру;
- студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу.
Студенттік бөлімнің жұмысын басқа бөлімдермен ( тіркеу бөлімі, оқу-әдістемелік бөлімі, білімді ақпараттандыру орталығы, институттар, деканат және ҚР білім және ғылым министрлігімен) сәйкестендіруді жақсарту мақсатында Lotus Notes, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және Platonus бағдарламалары енгізілген. Сонымен бірге университет ішілік жүйе Комфорт іске қосылған.