қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2021

«Жүректен жүрекке» мерекелік қайырымдылық акциясы

 

2021 жылдың 3 желтоқсанында Халықаралық мүгедектер күніне орай «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық және аниматорлық бағыттары бойынша Алматы қаласының «ЕРЗИ» әлеуметтік-реабилитациалық орталығында мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар үшін «Жүректен жүрекке» тақырыбында қайырымдылық мерекелік шарасы өткізілді.

 

Іс-шараға Педагогика және психология институты директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Даулен Идрисов және мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұлбосын Қияқбаева және «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2-3 курстың ерікті-студенттері қатысты. Мерекелік шараны қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гулбахираның жетекшілігімен  2 курс студенттері  Жұма Нұргул, Мурзағалиева Айнұр, Дюсенбекова Гулназ, Еңкебаева Ұлжан жүргізді. Ерікті студенттердің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті аясында қатысушылар арасында танысу қарым-қатынас үлгісін қалыптастыруға арналған мүгедек жандар үшін топқа бірігу тренингтері өткізілді.

 

Шараның құндылықты бағдарланған міндеттері,  «Бауырсақ» ертегісі желісінде дидактикалық дамыту ойындары негізінде топтық шығармашылық іс-әрекетті құру алаңында  ұйымдастырылды. Дарынды музыкант педагог, Мұстафаев Бекзаттың орындауы, мәдени-шығармашылық терапия ретінде қайырымдылық кештің  сүйіспеншілік атмосферасын одан әрі нығайта түсті. Айта кету керек, Мұстафаев Бекзаттың өзі, 1-ші топтағы көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жан. (казіргі күні «Мейірім» клубы Беларус елінде бүйрек трансплантациясын жасату үшін, қаражат жинау кайырымдылық акциясын  ұйымдастыруда). Осылайша, жалпыадамзаттық құндылықтарды біріктірген айтулы мерекелік шарада ерікті-студенттер мен мүмкіндігі шектеулі жандар өзара жаңа достар мен мейірімді қарым-қатынас ортасын тапты.

 

Рефлексиялық талдау кезеңінде шараға қатысушылар жалпы өздерінің өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін сезінгені туралы жылы сезімдерімен бөлісті. Әлеуметтік-педагогикалық  шығармашылық жұмыста анықталған белсенді топтарға мерекелік тілектер айтылып, торттар үлестірілді. Шара соңында болашақта ерікті-студенттердің жағымды әлеуметтік өзара байланыс дағдыларын үйрену мақсатында, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмыстарын жалғастыру бойынша бірауыздан ұсыныстар қабылданды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы