Негізгі бет /
Хабарландыру
22.05.2019 ТЖБ жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша
Алматыда ТЖБ жедел хабарлау үшін тегін мобильді қосымшасы іске қосылды.
Жобаны Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті іске асырды. Мобильді қосымша Android және IOS операциялық жүйесі негізіндегі смартфондар мен планшеттердің барлық иелеріне мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
Қосымша бірнеше секунд ішінде Алматы қаласы аумағында ТЖ қаупі және туындауы туралы халықты жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді (оның ішінде дауылды ескертулер). Бұдан әрі жер сілкіністері туралы ерте хабарлау жүйесін енгізу кезінде осы қосымша олар туралы да хабарлайтын болады.
15 сәуірден бастап қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы ақпараттандыруды ТЖД Darmen мобильді қосымшасы арқылы СМС - хабарламамен қатар жүргізеді.
Қолданбаны App Store, Play Market ұялы телефондарына арналған қолданбалар дүкендерінен Darmen атауын енгізіп жүктеп алуға болады.
Азаматтық қорғаныс және жұмылдыруға дайындық бөлімі
|