|
| |
Шақырылған шетелдік оқытушыларға қойылатын жалпы талаптар
Абай атындағы ҚазҰПУ-де шетелдік оқытушыларды шақыру үшін келесі талаптар белгіленген: - Шетелдік оқытушы деп шетелдік азамат, білім беру саласындағы ғалым немесе жоғары білікті маман саналады; - Шетелдік оқытушының келу мақсаты: ЖОО студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына дәрістер курсын оқу, кеңестер беру және практикалық (семинар) сабақтарын жүргізу; - Ғылым кандидаты немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі, сонымен бірге құрметті атағы болуы; - Шетелдік беделді журналдарда халықаралық ғылыми жарияланымдарының болуы, жариялау белсенділігінің жоғары деңгейі; - Шетелдік ғалымның университетте болу кезеңі 2 аптадан кем болмауы тиіс; - Білім беру және ғылыми қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы, оқытатын мамандығына сай келуі; - Халықаралық академиялық қоғамдастықта беделі болуы немесе ұсынымдары болуы; - Абай атындағы ҚазҰПУ бастамасымен жүргізілген сабақтарының тиімді нәтижелерінің болуы; - Абай атындағы ҚазҰПУ-мен стратегиялық серіктестік келешегі бар немесе дамып келе жатқан шетелдік университеттермен байланысы болуы.
Шақырылған шетелдік профессорлардың ресми түрде келуімен Академиялық ұтқырлық секторы айналысады, Бас оқу ғимараты, 403 кабинет, тел: 8 (727) 291 12 45, эл.мекен жай: acadmob@kaznpu.kz
|