06.12.2021
Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін жаңғырту
Жоғары білікті және бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлау қоғамның адами ресурстарының сапасын арттырудың негізгі драйвері. Осы тұрғыда Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасында өткізілетін барлық білім беру реформаларына белсенді қатысады. Абай атындағы ҚазҰПУ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында Қазақстанның Бас педагогикалық ЖОО тұрғысынан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ауқымды жобасына үлкен қызығушылықпен қатысып отыр.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жобалық командасы 1.2.3 «Әлемнің үздік тәжірибелеріне сәйкес ТжКБ жүйесіндегі педагогикалық бағытты трансформациялау бойынша зерттеу жүргізу және ұсынымдар әзірлеу» міндетін зерттеумен айналысады. Аталған жобалық топтың құрамында Университет ректоры, жоба жетекшісі Дархан Біләлов және Ғылым департаментінің директоры, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова, профессор Айман Берікханова, қауымдастырылған профессор Әсел Стамбекова.
2021 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің төрайымы Г.Р.Каримова алдында аталған жоба аясында зерттеу топтарының аралық есептері тыңдалды. Абай атындағы ҚазҰПУ жобалық тобының есебін профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова табысты баяндады, есеп ғалымдардың жоғары бағасы мен мақұлдауына ие болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|