қазақша · русский · english
   
21.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ қаржыландыратын ғылыми жобалар жетекшілерінің есептері

 

2021 жылдың 02-15 желтоқсан аралығында университеттің Ғылыми-консультативтік кеңесінің (ҒКК) отырысында Абай атындағы ҚазҰПУ қаржыландыратын ғылыми жобалар бойынша жоба жетекшілерінің есептері тыңдалды.

 

Республикалық ғылыми ұйымдармен интеграциялық ғылыми жобаларды жүзеге асыру нәтижелері туралы белгілі ғалымдар: Дженалиев М.Т. (ҚР БҒМ КН Математика және математикалық модельдеу институты), Федоренко О.В. (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты), Верещак М.Ф. (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты), Искакова К.А. (Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы), Богоявленский А.П. (Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы), Сейтахметова Н.Л. (ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты), Әбілхожин Ж.Б. (ҚР БҒМ ҒК Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) және т.б. ғалымдар жылдық есептерін ұсынды.

 

Республикалық ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық университеттің жас ғалымдары мен докторанттары үшін жемісті және пайдалы болды: 2020-2021 жылдар аралығында жаңа ғылыми нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізілді. Мақалалар жоғары квартиль/процентильді шетелдік журналдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (БҒССҚК ) ұсынған журналдарда жарияланған.

 

Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми-инновациялық парк (ҒИП) құрамына кіретін ғылыми орталықтар мен зертханалардың басшылары: Абылкасымова А.Е., Нуриев М.А., Мовкебаева З.А. , Лысенко В.С., Шоқанов А.К., Купчишин А.И., Даутова С.Б. 2021 жылға жарияланған басылымдармен және патенттермен расталған жұмыс нәтижелерінің есебін кеңеске ұсынды.

 

   




Кері оралу