қазақша · русский · english
   
24.12.2021

«Педагогика» (Education) бағыты бойынша сілтеме жасалатын журналдардағы жарияланым» вебинары


2021 жылдың 23 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Педагогика» (Education) бағыты бойынша сілтеме жасалатын журналдардағы жарияланым» вебинары болып өтті. Спикер ретінде Сакраментоның Калифорния университеті (АҚШ) педагогика факультетінің профессоры Александр Сидоркин сөз сөйледі. Вебинар модераторы - постдокторант Баян Сапаргалиева. Вебинарды зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев ашты. Университет ректоры Дархан Билялов құттықтау сөз сөйледі. Ол семинарда талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтті.

 

Вебинарға еліміздің жоғары оқу орындарынан (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) 100 ғалым қатысты. Семинарға Ош технологиялық университетінің (Қырғызстан) өкілдері де қатысты.

 

А. Сидоркин «жыртқыш» журналдардың белгілері туралы айтып, рейтингтік орыс тілді журналдарды іздеу дағдыларымен бөлісті. Ол ғалымдар үшін сапалы емес басылымдарды табатын делдал компаниялардың қызметтері туралы айтты. Вебинар соңында спикерге сұрақтар қойылды. Оқытушылардың қызығушылығы сұрақтар мен жауаптарды талқылауда да, сессияда да байқалды. Қатысушылар спикерге және іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу