қазақша · русский · english
   
08.04.2022

Ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

 

2022 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов Elsevier компаниясының Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша өңірлік басшысы Дамир Рахметовпен кездесті. Іс-шараға зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев және ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова қатысты.

 

Кездесу барысында Scopus базасында индекстелетін басылымдардағы жарияланымдар және ғылыми ақпаратты, оның ішінде Scival жүйесі арқылы іздеу саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Дамир Ахметов Elsevier компаниясының өнімдерін ұсынды, олар университеттің оқытушылары мен ғалымдарына пайдалы қолданыста болады.

 

   




Кері оралу