қазақша · русский · english
   
14.04.2022

Action Research мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және зерттеу формасы ретінде

 

2022 жылдың 12 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ғылым декадасы» аясында «Action Research мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және зерттеу формасы ретінде» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өтті. Семинардың мақсаты - Action Research енгізу негізінде мұғалімдердің зерттеушілік белсенділіктерін арттыру.

 

Абай университетінің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.А. Бөрібаев семинарға қатысушыларды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, жоғары оқу орындарының оқытушыларының ғылыми-зерттеу белсенділігін дамытудың педагогикалық білім сапасын дамыту үшін маңыздылығын негіздеп өтті.

 

Семинардың модераторлары мен негізгі спикерлері Абай университетінің профессор-зерттеушісі А.Е.Берикханова және постдокторант Б.О.Сапаргалиева семинар тақырыбының мазмұнын Калифорния университетімен бірге жүргізілген нақты көрсеткіштер негізінде зерттеулер жүргізу бойынша халықаралық жоба нәтижелерімен, қатысушыларға Action Researchтің тәжірибеге бағытталған сипатымен, оның негізгі кезеңдерін және кәсіби тәжірибені өзгертудегі тиімділігімен таныстырды. Сондай-ақ, университетте ғылыми-зерттеу қызығушылықтары бойынша ғылыми қоғамдастықтар құруға және Scopus базасының журналдарында ғылыми мақалаларды жариялауға басты назар аударылды.

 

Семинардың ерекшелігі ретінде НЗМ- нен арнайы шақыртылған мұғалімдер, Action Research тренерлері Д.К. Байділдинова, А.Е.Тоқбаева, Б.Ш. Байбиісова, Ш.Ш. Абишева, Н.М.Джапашов, А.К.Халитова өз іс-әрекеттегі зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырып, Action Research-тің мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін өзгертудегі керемет мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

 

Семинардың жоғары кәсіби деңгейде өтуі тыңдаушылардың белсенділіктерімен және қызығушылықтарымен, олардың қосымша баяндамаларымен және позитивті ой- пікірлерімен дәлелденді.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу