қазақша · русский · english
   
19.04.2022

«Ғылыми зерттеулердің этикасы» семинары


2022 жылдың 15 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жас зерттеушілер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ғылыми зерттеулердің этикасы» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға 120-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілер қатысты (басым бөлігі онлайн форматта). Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторанты, PhD «Этика комитетінің» жетекшісі Усенов Нұрбол модераторлығымен өткен іс-шара зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаевтың алғысөзімен ашылды. Семинарда «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру басқармасы Диссертация тіркеу бөлімінің басшысы Акимбекова Алия, Абай университетінің ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Байымбетова Гүлзада, Жас зерттеушілер кеңесінің мүшесі, постдокторант, PhD Байшемиров Жарасбек және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Еділбай Оспан мазмұнды баяндама жасап, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы постдокторанты, PhD Лайсханов Шахислам қорытынды сөз сөйлеп, спикерлер мен қатысушыларға алғыс білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу