қазақша · русский · english
   
09.04.2022

Ғылым мен білімнің интеграциясы: жаңа мүмкіндіктер


2022 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы - ректор Д.Біләлов білім беру институттарының директорларымен республикалық ғылыми зерттеу ұйымдарымен (ҒЗИ) орнатылған ынтымақтастықтың негізінде атқарылған іс - шаралар жайлы кездесу өтті. Аталған жиынға зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е. Бөрібаев, Ғылым департаменті директоры Ұ.Әбдіғапбарова және ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқарма жетекшісі Г.Баймбетова қатысты. Тарих және құқық институтының директоры А.Жунусов, Педагогика және психология институтының директоры Ғ.Абаева, Филология және көптілді білім беру институтының директоры А.Таңжарықова атқарылып жатқан іс-шаралар мен қатар туындап жатқан мәселелер жайлы да сөз қозғады.

 

Е. Бөрібаев - ғылыми зерттеу ұйымдары мен орталықтарының жетекші ғалымдарын университет жанындағы диссертациялық кеңестердің құрамына енгізу, қорғалатын диссертациялық жұмыстарға ресми рецензент ретінде бекіту, жетекшілік ету жұмыстары дәстүрлі үрдіске айналғандығын алға тартты. Д.Біләлов қорытындылай келе, болашақта ғылыми зерттеу ұйымдарымен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, ҒЗИ -дың жетекші ғалымдарын жұмысқа тарту, бірге білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бірлесе маман дайындау үшін ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары магистранттар мен докторанттарға, ал біздің зертханаларымыз зерттеу институттарының қызметкерлеріне қолжетімді болуы керектігін алға тартты.

 

   

 

   




Кері оралу