қазақша · русский · english
   
06.09.2023

Жаңа оқу жылындағы Зерттеу этикасы жөніндегі кеңестің бірінші отырысы


2023 жылдың 5 қыркүйегінде 2023-2024 оқу жылындағы Зерттеу этикасы жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Онда докторанттардың 5 диссертациялық жұмысының, Scopus және WoS базаларында индекстелетін журналдарда жариялауға арналған 1 ғылыми мақала және жобалық зерттеу аясында магистранттар мен докторанттар сауалнамасының зерттеу этикасы мәселелері қаралды.

 

Жыл сайын қарастырылған зерттеу жұмыстарының саны артып келеді. Мәселен, 2022-2023 оқу жылында Зерттеу этикасы жөніндегі кеңестің 17 отырысы өткізілді. 50 диссертациялық жұмыс, Scopus және WoS базаларында индекстелген журналдарда жариялауға арналған 2 ғылыми мақала және студенттер сауалнамасының сұрақтары қаралып, талқыланды. 10 диссертациялық жұмыс пысықтауға жіберіліп, қайта қаралды. Барлық қаралған зерттеу жұмыстарына тиісті қорытындылар берілді.

 

  alt=  




Кері оралу