қазақша · русский · english
   
11.09.2023

«Scopus құралдарымен сәтті жариялау жолы» үш күндік семинары

 

Абай универиситетінің Ғылым департаменті «Scopus құралдарымен сәтті жариялау жолы» тақырыбында үш күндік семинар өткізеді. Бүгін, яғни 11 қыркүйекте өз жұмысын бастаған семинар 13 қыркүйекке дейін жалғасады. MD, MPH, Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі Рабиға Хожамқұл семинардың спикері болды.

 

«Scopus көмегімен өзекті тақырыпты таңдау» семинарында қатысушылар Scopus көмегімен мақаланың көрінуін арттыру үшін зерттеу саласындағы өзекті тақырыпты таңдау жолдарын; мақаланың танымалдылығын анықтау үшін Scopus-тағы мақала көрсеткіштері мен сараптамалық құралдар; Elsevier құралдарымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) саласындағы зерттеулер; ТДМ зерттеулерін іздеуге арналған Scopus құралдары; ТДМ зерттеулерімен танысуға арналған ScienceDirect құралдары; ТДМ зерттеулерін талдауға арналған Elsevier және RELX құралдарын талқылады.

 

«Scopus - әріптестік пен тең жетекшілерді іздеу» семинардың екінші күнінің тақырыбы, онда Scopus-та әріптестікті іздеуге арналған құралдар; зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік жетекшілерді іздеудің құралдары мен әдістері сияқты мәселелер талқыланады.

 

Семинардың үшінші күнінің тақырыбы: «Scopus - жариялау үшін журналды табу», онда қатысушылар келесі сұрақтарды талқылайды: сәйкес журналды анықтауға арналған Scopus құралдары; Scopus-тағы журналдардың көрсеткіштері: CiteScore процентильтдері; «Тегін» қалай жариялауға болады?

 

Семинардың соңында барлық қатысушыларға электронды сертификаттар беріледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу