қазақша · русский · english
   
11.02.2019

Онлайн режиміндегі бейне конференция

 


 

2019 жылы 7 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жоғары Экономика мектебі» Ғылыми-зерттеу университетінің (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) көрнекті ғалым - педагогтары: Исак Фрумин, Илья Коршунов, Павел Сергоманов, Сергей Малиновский, Елена Карданованың қатысуымен бейне конференция өтті.

 

Жобаның мақсаты - білім беру саласының тұтынушыларына сапалы құралдарды беру, олар барлық зерттеу мәселелері туралы құнды және сенімді қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев алғы сөзінде әлемдегі педагогикалық ғылымның көшбасшыларының бірі ретінде «Жоғары Экономика мектебі» Ғылыми-зерттеу университетінің өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ынтымақтастық заманауи педагогикалық зерттеулерді үрдістерге тартудың белгілі бір перспективаларын жасайды.

 

Бейне конференция барысында бірлескен ғылыми жобалардың болашағы талқыланды. Жобалар педагогика мен психологияның келесі маңызды мәселелерін қамтыды:

- білім беруді цифрландыру;

- инклюзивті білім беру;

- жоғары білімге қол жеткізудегі теңсіздікті жеңудің әлеуметтік-саяси және саяси-құқықтық аспектілері;

- студенттердің мектептегі жұмысқа психологиялық дайындығы;

- бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру факторлары.

 

Әрбір жобаға Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары мен докторанттары арасынан кемінде 3 жас зерттеуші қатысады, бұл оларға қолданбалы зерттеу дағдыларын, жинақталған құралдар мен инновациялық әдістемелерді алуға мүмкіндік береді.

 

 




Кері оралу