|
| |
Қазақ әдебиеті кафедрасына университеттің 2017 жылдың 28 ақпанындағы Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі С.Қирабаевтың есімі берілді.
Кафедраны 2017 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстан Респуликасы Ұлттық ғылым академиясының және Халықаралық білім беру (Ресей) академиясы мен Халықаралық Ш.Айтматов академиясының (Қырғызстан) академигі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Сманов басқарады.
Қазіргі кезеңде кафедрада педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұмажанова, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Б.Әбдіғазиұлы, Т.Тебегенов, филология ғылымдарының докторлары С.Асылбекұлы, А.Таңжарықова, педагогика ғылымының кандидаттары, доценттер А.Тамаев, Р.Бораш, Б.Қабатай, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер С.Айбергенова, М.Бекбосынов, филология ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар Г.Есіркепова, Д.Сатемирова, Г.Асқарова, А.Ибраева, Ж.Сейсенбаева, PhD доктор, аға оқытушы С.Серікова, оқытушылар С.Сыздықов, Ф.Қарағұлова, Г.Махаш, Г.Қонысбаева, аға лаборант Б.Әбіл еңбек етеді.
Кафедра жанында республика жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге маман кадрлар дайындайтын магистратура мен PhD докторантура бар. Бүгінгі күнде магистратурада 62 адам, PhD докторантурада 11 адам білім алуда.
Кафедра мүшелерінің, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми еңбектері республикалық басылымдарда, жоғары рейтингілі журналдар беттерінде жарық көреді. Сонымен қатар кафедра республика жоғары оқу орындары оқытушы-ғалымдарының осы мамандықта жүргізілген ғылыми жұмыстарын жинап отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысының «Филология ғылымдары» сериясы журналын шығарып келеді. Журналдың қазіргі редакторы - академик Б.Сманов.
Университеттің 90 жылдық мерейтойына орай Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасы маман, білгір кадрлар даярлаудағы тоқсан жылдық тәжірибесін жалғастыра отырып, елімізде орта және жоғары білімді қайта жаңғырту ісіне лайық жаңа
Кафедра тарихы
|