қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.12.2021

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның
пленарлық мәжілісі мен секция отырыстары

 

2021 жылдың 14 желтоқсан күні жаратылыстану және география институты, химия ББ тобының ұйымдастыруымен «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» тақырыбындағы ҚРҰҒА Академигі, профессор Е.А.Бектұровтың 90 жылдық және профессор Б.А.Мансұровтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі мен секциялары өтті.

 

Пленарлық мәжілісте оқылған баяндамалар тізімі:  «Жасыл химия және жасыл химиялық білім беру», қауым. профессор Гулмира Абызбекова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті; «Жаратылыстану - ғылыми цикл пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», п.ғ.к. Карима Арынова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті; «Қазақстан білім мазмұнын жаңартуда бағалау жүйесіндегі өзгерістер мен ерекшеліктер», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті Зульфия Унербаева; «Химиядан оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырудың дидактикалық негіздері», Абай атындағы ҚазҰПУ, PhD Гульжахан Ильясова; «Проблемы и перспективы использования нанокомпозитивных катализаторов для реакций С,С,-крос-сочетания», PhD Хабиев Алибек, К.И.Сатпаев атындағы Казақ ұлттық техникалық университеті; «In vitro и in vivo анализы биологических активности О-ароил β-(пиперидин-1-ил)пропиоамидоксимов и 5-замещенный фенил-3-[β-(пиперидин-1-ил)этил]-1,2,4-оксадиазолов», Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Узакова Асем.


Конференцияда келесі бағыттар бойынша үш секциялық отырыстардың жұмыстары жоспарланды: № 1 секция: «ХХІ ғасырдағы химия ғылымының даму ерекшелігі», төраға: профессор Бектенов Н., хатшы: аға оқытушы Ұзакова А.  № 2 секция: «Полимерлердің физика-химиялық зерттеулерінің өзектілігі, жетістіктері мен инновациясы», төраға: доцент  Жақсыбаев М., хатшы: оқытушы Сырымбетова Г. № 3 секция: «Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері», төраға: профессор Шоқыбаев Ж., хатшы: оқытушы Кулумбетова О. Пленарлық мәжілісте және секциялық отырыстарда жалпы 110-ға жуық баяндамалар тыңдалды.