қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.12.2021

Абай университеті QS University Rankings рейтингіндегі позициясын жақсартты

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шетелдік оқытушылар құрамының үлесі, оқытушылар құрамының студенттерге қатынасы, халықаралық ғылыми байланыстар және жұмыс берушілер арасындағы беделі бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, QS University Rankings: Emerging Europe & Central Asia 2022 рейтингісінде 70-орынға көтерілді.

 

Кеше, 15 желтоқсанында QS (Quacquarelli Symonds) Ұлыбритания рейтинг агенттігі QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings 2022 - Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің жаһандық мойындалған рейтингісінің нәтижелерін жариялады.

 

Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің 451 университетінің қатарында Абай университеті өткен жылмен салыстырғанда позициясын жақсарта отырып, 82-орыннан 70-орынға көтеріліп, 100 үздік университеттің қатарына енді.

 

ЕЕСА рейтингінің он көрсеткішінің жетеуінде Абай университеті айтарлықтай өсім көрсетті: «Халықаралық ғылыми байланыстар» бойынша (70,2 балл) және «Жұмыс берушілер алдындағы беделі» бойынша (55,4 балл) және т.б. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамының студенттерге қатынасы (90,7 балл) және шетелдік оқытушылар үлесі (78,8) бойынша да көрсеткіш ұлғайды.

 

ЖОО рейтингін бағалаудың негізгі критерийлері төмендегідей:
- студенттер саны мен оқытушылар құрамының ара қатынасы;
- ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі;
- шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі;
- академиялық бедел көрсеткіштері;
- жұмыс берушілер алдындағы бедел;
- бір оқытушыға шаққандағы басылымдар саны;
- ғылыми мақалалардағы дәйексөздер саны;
- Интернет кеңістігінде көріну дәрежесі және халықаралық бірлескен авторлық.

 

16.12.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com