қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.12.2021

«Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Орта және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім берудің өзекті мәселелері (инновация және тәжірибе)» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

2021 жылдың 20-21желтоқсан күндері Жаратылыстану және география институты «Биология» ББ тобының ұйымдастыруымен «Орта және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім берудің өзекті мәселелері (инновация және тәжірибе)» тақырыбындағы Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шілдебаев Жұмәділ Бәйділдәұлының 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

Ашылу салтанатын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов алғы сөзбен бастап, конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, құттықтау лебізін білдірді. Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова конференцияның отандық және шетелдік қонақтарымен таныстырды. Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.Т.Құлсариева, Зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е.Ә. Бөрібаев, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор М.А.Бектемисов қатысып жылы лебіздерін білдірді.


Пленарлық отырыста: Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова «Профессор Ж.Б. Шілдебаевтың ғылыми-зерттеу қызметі», Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Биология және адам физиологиясы кафедрасының меңгерушісі С.В. Суматохин «О научной школе профессора Ж.Б. Чилдибаева: взгляд из России», Киршехир Ахи Эвран Университетінің профессоры Акан Кадир «Identification of Wheat Hermoplasma resistant to common bunt (Tilletia Caries (DC.)» (Түркия), А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті Өмір қауіпсіздігі факультетінің деканы П.В. Станкевич «Совершенствование профессиональной подготовки будущих учителей биологии в России», М.Танк атындағы БМПУ п.ғ.к. А.А. Путик «Система методической подготовки учителей биологии в вузах педагогического профиля в условиях модернизации общего среднего и высшего биологического образования в республике Беларусь» (Беларусь), Евразия халықаралық медициналық университеті, ОТЖ проректоры Д. Бабаев «Формирование экологической культуры студентов в процессе изучения естественнонаучных дисциплин», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Н.М. Мухитдинов «Сирек және жойылып кетуге жақын өсімдіктердің жағдайын бағалау үшін оларды популяциялық деңгейде зерттеу керекек ендігі туралы», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Н. Торманов «Жаратылыстану мен биологиялық пәндер арасындағы байланыстарды қолданып оқыту әдістері», Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры Б.С. Иманғалиева «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейді дамытуға PISA тапсырмаларын кіріктіре оқыту» тақырыбында баяндамалар жасалды.

 

Зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.Ә.Бөрібаевтың қатысуымен профессор Ж.Б. Шілдебаевтың «Ғылымдағы ғибратты ғұмыр» монографиялық еңбегінің тұсау кесу рәсімі өтті.

 

Пленарлық отырыста спикерлер қазіргі білім мен ғылымның проблемалары туралы өзекті мәселелерді көтеріп, өз ойларымен бөлісті. Ректорат басшылығы мерей той иелеріне шапан жауып, гүл шоқтарын ұсынды.