қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.12.2021

Білім беру ұйымын басқарудың заманауи технологиялары және жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында әдістемелік жұмысты жетілдіру

 

2021 жылдың 13-25 желтоқсан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттері мен орталықтарының басшылары мен әдіскерлеріне қазақ және орыс тілдерінде «Білім беру ұйымын басқарудың заманауи технологиялары және жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында әдістемелік жұмысты жетілдіру» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

 

Курсқа Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттердің 79 басшылары мен әдіскерлері қатысты.

 

А.Ш. Оракова, Т.Б.Корнилова, М.Т.Белденбаева курс тыңдаушыларын білім беруді ұйымдастыруды басқарудың заманауи технологияларының ерекшеліктерімен, мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз етудің әдістерімен және жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік жұмысты жетілдірудің тиімді жолдарымен таныстырды. Тыңдаушыларда андрагогика тұрғысынан ересектерге білім берудің ерекшеліктеріне тұтас көзқарас қалыптасты, мұғалімдерді әдістемелік қолдаудағы тиімді білім беру технологияларының мәнін түсінді; белсенді эксперимент жүргізу және әдіскердің педагогикалық құралдарын қалыптастыру үшін берік негіз қаланды.

 

Тәжірибелік сабақтарда әдіскерлер коучинг пен тәлімгерлік тәжірибелерін енгізудің, Lesson Study процесін ұйымдастырудың, қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің артықшылықтары мен тиімді жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.

 

Курс соңында тыңдаушылар «Әдіскер кейсі» жеке кейстер ұсынды, өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты, дөңгелек үстелде жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік жұмысты жетілдіру мәселелерін және оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Курстарға қатысушылар курстың тиімділігін, тақырыптардың өзектілігін, мазмұндылығын атап өтті.