қазақша · русский · english
 
 
 
 Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры м.а.
PhD
Қазыбек би көшесі, 30/1, 5 кабинет
 291-90-14, 8-775-267-07-49
r.zhetibay@abaiuniversity.edu.kz

 Шалабай Альбина Тлеуханқызы
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары м.а.
Магистр
Қазыбек би көшесі, 30/1, 9 кабинет
 8-776-606-85-95
a.shalabai@abaiuniversity.edu.kz

 

Абай университетінің тәрбие жүйесі ұлттық сана-сезімдері жоғары, белсенді азаматтық ұстанымдары қалыптасқан, сапалы білім арқылы ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті, құзыретті педагогтарды тәрбиелеп шығару үшін ең тиімді дамытушы ынтымақтастық ортаны құруға бағытталған.


Абай университетіндегі тәрбие жұмысының мақсаты - «Толық адам» тұлғасын қалыптастыру. 


Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастыруға байланысты ұлы Абайдың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деген сөздерін терең зерделеу негізінде «Толық адам» тұлғасын қалыптастырудың жаңа жүйесі құрылады.


Абай университетінің тәрбие жүйесіндегі «Толық адам» тұжырымдамасы ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген үш негізгі концепті негізінде ұлттық тәрбиенің жаңа моделі жасалады.

 

Оқу орнында тәрбие жұмысы келесі деңгейлерде ұйымдастырылады: университет, институт, кафедра, тәрбие жетекшісі, студенттік топтар.

Университетте тәрбие үдерісі Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректордың (ссылка) басшылығымен жүргізіледі.


Оқу ордасының тәрбие үдерісіндегі инновациялық формалардың бірі - ол «Тәрбие жетекшілігі жүйесі».


Ұжымда жағымды психологиялық ахуалды және жоғары ұжымдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында:
- Студенттер мен магистранттардың Этикалық кодексі, профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің Этикалық кодексі, Академиялық адалдық кодексі қабылданған;
- Жыл сайын «Құқықтық сауаттылық» онкүндігі ұйымдастырылады;
Жастарды толеранттылыққа, ұлтаралық келісім мәдениетіне тәрбиелеу, олардың діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында:
- Дінтанушы, педагог, психолог ғалымдар құрамынан лекторлық топ құрылған;
- Жыл сайын «Діни сауаттылық онкүндігі» ұйымдастырылады;
- 2 кредит негізінде «Дінтану» пәні оқытылады.


Білім алушыларды әлеуметтік көмек көрсету мақсатында әлеуметтік қолдауға зәру студенттердің (магистранттардың) оқу ақысына 15%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер, толық жетім санатына жататын студенттерге университет қаражаты есебінен бір реттік ақшалай көмек, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға жыл бойы медициналық көмек көрсетіледі. Университет балансында 5 студенттік жатақхана, 5 асхана бар. Оқу орнымызда көпшілік спорт түрлерін дамытуға, студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен мән берілген. 400 шаршы метрді құрайтын бокс залы, 600 шаршы метрлік ойын залы және үлкен зал, 5000 орындық «Спартак» спорт кешені, жүгіру жолдары, футболға арналған ойын алаңы жастар иігілігіне қызмет жасап келеді.

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам білім алушыларының оқу ақысына жеңілдік беру туралы тәртібі


Білім алушылар мен басқа да «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ жатақханаларында тұру қағидалары