қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.01.2022

Абай университетінде дарынды студенттер білім алуда

 

Біздің университетте талантты және мақсатты жастар аз емес. Солардың бірі - Математика, физика және информатика институтының «6В01507 (5В011100) - Информатика» мамандығының 4 курс студенті Сабыржан Мұстафин.

 

Мустафин Сабыржан - Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға қабылданған күннен бастап өзін белсенді студент ретінде танытты және тәртіпті әрі тәрбиелі білімгер, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысушы ретінде көрсете білді. Осы уақытқа дейін таңдаған мамандығын жоғары дәрежеде жетік меңгеріп, теориялық және практикалық сабақтарда үздік жауаптарымен ерекшеленді. Университетімізге келген күннен роботехника бағытымен қызығушылығын көрсетіп келеді.


2018 жылы Педагогикалық Stem-паркте Математика, физика және информатика институтында 3-курс студенттерінің арасында ұйымдастырылған Роботехника бойынша сайыста Мустафин С. жүргізушілік қырынан көрсетті.

 

2020 жылы ЖОО студенттері арасында Республикалық «The Best Мobile App - 2020» мобильді қосымша жасау онлайн сайысында Абай атындағы ҚазҰПУ «5В011100-Информатика» мамандығының 2-курс студенттерінен (Мустафин С., Ергеш Н., Есіркеп С.) құралған «JASTIME» командасы 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

2020 жылы «Алматы» телеарнасы ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған топтар арасындағы интеллектуалды IQ Almaty сайысында «5В011100-Информатика» мамандығының студенттерінен құрылған Абай жастары (Мустафин С., Ергеш Н., Сағидуллаева А.) тобы бақтарын сынады.

 

Сабыржан 3-ші курстан бастап педагогикалық практика кезінде өзін жас та болса білімді, білікті практикант ретінде көрсетіп келеді.

 

Қазіргі таңда Мустафин Сабыржан RoLab academy және RoLab Damu орталығының ұйымдастырушысы және директоры болып қызметін атқара отырып, оқушыларға өзінің тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Атап айтатын болсақ: С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде және Damu School мектебінде «Робототехника» факультатив курсының мұғалімі; оқушылары робототехникадан облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде үздік орын иегерлері; 20-ға жуық Алматы қаласының мұғалімдерін робототехника курсы бойынша оқытты, қазіргі таңда республика бойынша 500 аса оқушылары бар; ITEACH ME және CONNECTED KZ қоғамдық ұйымдарымен бірге мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге SCRATCH тақырыбы бойынша қазақ, орыс тілдерінде 24 бейнесабактарын және жасы үлкен адамдарға арналған мобильді сауаттылық бойынша бейнесабақтарын жазған автордың бірі; QBIT компаниясымен бірге Қазақстанда алғаш Робототехника жинақтарын өндіріліп, Қазақстан бойынша 30-дан астам мектептерге енгізілді; DAMU SCHOOL мектебіне Робототехника кабинеттерін ұйымдастырып, осы мектепте 1-11 сыныптарына «Роботехника» сабағын пән ретінде енгізген.

 

Төмендегі сілтемелер бойынша Мустафин Сабыржанның атқарып жүрген жұмыстарын көруге болады:

https://www.instagram.com/p/CEbNo98pJIy/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CXO1oiOlbbC/?utm_medium=copy_link

https://instagram.com/rolab.academy?utm_medium=copy_link

https://instagram.com/rolab.damu?utm_medium=copy_link

https://instagram.com/rolab.team?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CWXwXsPgl_k/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CVDM7ogDLXu/?utm_medium=copy_link

 

https://www.youtube.com/watch?v=rlQswvgD6aQ

https://youtube.com/channel/UCMzf2dfvzzgVoTsZx0C2erQ

 

https://stemkit.kz/qbit/

 

http://39.alschool.kz/main/1258-robototehnika-kabinetn-zhaadan-zhabdytaluy.html